Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында қос бірдей ертегі сахналанды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында қос бірдей ертегі сахналанды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында қос бірдей ертегі сахналанды

- Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында орыс авторларының қос бірдей ертегісі сахналанды.

  • 14 Мамыр 2013
  • 564
Фото - Caravan.kz

Театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ардақ Нықмұқанованың айтуынша, ижевскілік режиссер Лев Вахитов Сергей Козловтың «Капитан қасқыр» атты ертегісін қойды. Бұл спектакльге театрдың Бибігүл Исалиева, Жанаргүл Құрманғалиева, Айдар Жарылғапов, Асылжан Жакин сынды тәжірибелі әртістері қатысты.

Орынбор мемлекеттік облыстық қуыршақ театрының бас режиссері Вадим Смирнов «Мүйізтұмсық пен керік» атты балалар спектаклін жұртшылық назарына ұсынды. В.Смирновпен бірге Орынбор театрынан суретші Марина Свириденко, бутафор Юлия Догань жұмыс істеді. Комедиялық ертегіні театр директоры Құжырғали Төлеуішев аударса, «кейіпкерлер» бейнесін жас әртістер сомдады.

Сол секілді театр әртісі Самал Әбуов Мұрат Ахманов пен Мұқанғали Томановтың «Қошқар мен теке» ертегісін қайта жаңартып қойды. Сөйтіп қазақ театры балалар үшін осындай тартулар жасап отыр.

Перейти к новостям спорта