Батыс Қазақстан облысы басшылығының пайымдауынша, Қарашығанақтағы газ жобасын 2006-жылдан кейін жүзеге асыра бастауға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-12 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысы басшылығының пайымдауынша, Қарашығанақтағы газ жобасын 2006-жылдан кейін жүзеге асыра бастауға болады

Батыс Қазақстан облысы басшылығының пайымдауынша, Қарашығанақтағы газ жобасын 2006-жылдан кейін жүзеге асыра бастауға болады

Қарашығанақтағы газ жобасын 2006-жылдан кейін жүзеге асыра бастауға болады. Бұл туралы Оралда өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Станислав Качало мәлімдеді.

  • 28 Мамыр 2004
  • 382
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен сараптамадан өтіп, үкіметте мақұлданған газ жобасының техника-экономикалық негіздемесі «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның келісімін күтіп жатыр. Бұнымен бір уақытта Қазақстан өнімін Ресей аумағы арқылы тасымалдау жөнінде РФ үкіметі мен «Газпром» компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Алайда, бұл мәселе күні бүгінге дейін шешілген жоқ,- деді С.Качало. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттарды 1-1,4 жылда дайындау жөнінде нормативтік мерзім белгіленген. «Сол себепті, аталмыш жобаға 2006-жылдың соңына таман ғана толыққанды кірісе аламыз деген жоспар бар»,- деді С.Качало.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәуір айында үкімет басшысы кеңес өткізіп, тиісті министрліктер мен құзырлы құрылымдарға жобаны 2005-жылы жүзеге асыра бастау үшін болашақ әріптестермен арадағы келіссөздерді пәрмендендіруге тапсырма берген болатын.