Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның көршілес облыстары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы екі ел үкіметтік өкілдерінің келіссөздері Оралда өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның көршілес облыстары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы екі ел үкіметтік өкілдерінің келіссөздері Оралда өтті

Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның көршілес облыстары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы екі ел үкіметтік өкілдерінің келіссөздері Оралда өтті

Оралда Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның көршілес облыстары арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы екі ел үкіметтік өкілдерінің келіссөздері өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өкілдерді ҚР Сыртқы істер министрлігінің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Марат Атанов, ал Ресейлік өкілдерді төтенше тапсырмалар жөніндегі елші Владимир Волков басқарды.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік шекараны делимитациялауға, шекараның жекелеген бөлігінің шегін белгілеуге , негізгі шекаралық бекеттерді нығайтуға қатысты мәселелер кешенін сарапқа салды.
Атап айтсақ, жұмыс тобы шекаралық Жарсуат және Коммунистический разъездеріне қатысты мәселелермен көзбе-көз танысу үшін облыстың осы аудандарында болып, Қарашығанақ кенішін аралады.
Мемлекеттік шекараны делимитациялауға қатысты екі жақты келіссөздер Ақтөбеде жалғасын табады.