Батыс Қазақстан облысы мен Шотландияның Абердин қаласы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысы мен Шотландияның Абердин қаласы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Батыс Қазақстан облысы мен Шотландияның Абердин қаласы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі мен Шотландияның Абердин қаласының басшылары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне шотландиялық делегацияның өкілі Джон Рейнальдс хабарлады.

  • 28 Қазан 2003
  • 519
Фото - Caravan.kz

Тараптар мәдени, қайырымдылық және экономика салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Сондай-ақ, шағын бизнес өкілдерінің арасында да өзара қарым-қатынас орнату көзделіп отыр. Джон Рейнальдстің айтуына қарағанда, Абердин қаласы мұнайгаз саласы үшін инфрақұрылым қалыптастыруда мол тәжірибе жинақтаған. Британиялықтар бұл тәжірибесін тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес, сонымен бірге Атырауда да қолданысқа енгізбекші.

Соңғы жаңалықтар