Оның айтуынша, орылған астықтың 320 мың тоннасы облыстың ішкі қажеттігіне жұмсалады. Соның ішінде 88 мың тоннасы келесі жылғы түсімге арналған тұқым ретінде, 131 мың тоннасы азық-түлік және жемдік мақсатта, 80 мың тоннасы өнім өндірушілердің мемлекетке берешегін қайтару мақсатында пайдаланылса, 200 мың тоннасы экспортқа шығарылады.