Департамент мамандарының айтуынша, орақ науқаны басталар қарсаңда тұқымдар тәжірибелік-сынақтан өтуде. 100 мың гектар алқапта атқарылып жатқан бұл жұмыспен арнайы әзірленген 60 маман айналысуда. Жұмыс сапасына «Қазагроэкс» ЖАҚ-ның облыстық филиалының 7 қызметкері қадағалап отыр.
«Қазагроэкс» ЖАҚ-ның облыстық филиалының директоры Ерболат Абдрахмановтың айтуынша, байқаудан өткізу жұмыстары жоғары сапалы бидай сорттары себілген учаскелерде жүргізілуде.
2002-жылы Батыс Қазақстан облысында күздік және жаздық бидайдың 70 мың тонна тұқымы әзірленген. Тұқымдар 623 мың гектарға себілді. Ал 2004-жылы астық алқаптарының көлемін арттыру көзделіп отырғандықтан дайындалатын тұқым мөлшері де арттырылады.