Тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа жетпеген қызды жыныстық қанау мақсатымен алдау арқылы Атыраудан алып шыққан 30 жастағы Оралдық әйелді ұстады.
Полиция сондай-ақ, Зеленовский ауылынан Оралға тағы да жыныстық қанау мақсатымен бір ауыл әйелін алып шыққан 20 жастағы қызды қолға түсірді.
Аталмыш деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-да адам саудасына қатысты қылмыстарды тексеру бөлімі құрылды.