Батыс Қазақстан облысында "Алгоритм" атты техносаябақ құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында "Алгоритм" атты техносаябақ құрылды

Батыс Қазақстан облысында "Алгоритм" атты техносаябақ құрылды

Батыс Қазақстан облысында "Гидроприбор" ҒЗИ-ның негізінде "Алгоритм" атты техносаябақ құрылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Станислав Качало журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Оралдан.

  • 2 Шiлде 2004
  • 631
Фото - Caravan.kz

Техносаябақ құрылтайшыларының арасында «Градиент РЗО» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ, «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бар.

«Алгоритм» техносаябағының жарғылық қоры 350 млн. теңге болмақ.
Қазіргі жағдаймен инженерлік жұмыстарға арналған алаң құрылды. Техникалық жобаларды жүзеге асыра алатын инженерлік мамандары бар «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты база ретінде таңдап алынды. Сондай-ақ, бұл кәсіпорында тәжірибелік үлгілер жасауға мүмкіндік беретін тәжірибелік-эксперименталдық базасы — өндірістік цехтары бар. Бұл жобаға ресейлік ғалымдар да қатысады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта