Батыс Қазақстан облысында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында "Алла Аят" атты діни ағымның жетекшісі Фатима Кутуева емшілікпен заңсыз айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Шыңғырлау аудандық сотының ағымдағы жылдың 14 шілдесіндегі қаулысымен Ф. Кутуева ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 332-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 150 АЕК мөлшерінде, яғни 175 200 теңге айыппұл төлеу және арнаулы рұқсат дипломынан 5 ай мерзімге айыру жазасы жүктелді. Қазір қаулы күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар