Жарияланды: 470

Батыс Қазақстан облысында аудандық прокуратура кәмелекеттік жасқа жетпеген РФ азаматына айыппұл салу туралы аудандық соттың шешімін бұзуға қол жеткізді

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық прокуратурасы Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған кәмелекеттік жасқа жетпеген РФ азаматына айыппұл салу туралы аудандық соттың шешімін бұзуға қол жеткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық сот қаулысына аудандық прокуратура наразылық келтірді. Аталған сот қаулысы бойынша Ресей Федерациясының кәмелетке толмаған азаматы И.Петров ҚР ӘҚтК 394 бабының 2 тармағымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі болып танылып, ҚР аумағынан тысқары шығара отырып, 40 АЕК мөлшерлемедегі айыппұл салу жөнінде әкімшілік жазаға тартылған. Бас прокуратураның түсініктемесіне сәйкес, кәмелетке толмаған И.Петров мамасы қайтыс болуына және әкесі ата-аналық құқығынан бас тартуына байланысты және осы себепке байланысты РФ-да бірге тұратын адамы болмағандықтан Шыңғырлау ауылында апасының үйінде тұрып жатқан, бірақ ол көші-қон мекемесінде тіркеуде тұрмаған. "Аудандық соттың қаулысы кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза тағайындауға қатысты ерекшеліктері және іске мағынасы қажет мәнді жағдайларды ескерусіз шығарылған", делінген хабарламада. Сөйтіп, аудан прокурорының наразылығы бойынша жоғарыда көрсетілген қаулы облыстық соттың ұйғаруымен іс өндірісінен қысқартылып бұзылды. Кәмелетке толмаған И.Петровқа тәрбиелік әсері бар шаралар қолданылды және туысқандарының қадағалауына берілді. "Бұдан басқа, келтірілген наразылықты қорытындылап, облыстық сот Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы атына кәмелетке толмаған И.Петровтың конституциялық құқығын бұзған судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде жеке қаулы шығарды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған И.Петров көші-қон қызметінде есепке тұрып, Шыңғырлау ауылының №7 кәсіптік мектебінде оқып жатыр", деп хабарлайды Бас прокуратура. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін