Апат Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында Пепел-Қазақстан теміржол өткелегінің 1405-ші шақырымында болды. Шойын жолдың үстіне шығып кеткен «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қала маңында қатынайтын Шыңғырлау-Орал бағытындағы отарбамен соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Апатқа байланысты аталмыш бағыттағы отарбалар қозғалысы 2 сағатқа тоқтап қалды.