Батыс Қазақстан облысында автокөлік пен отарбаның соқтығысуы салдарынан екі адам жараланды
Батыс Қазақстан облысында "Газель" үлгісіндегі автокөлік пен отарбаның соқтығысуы салдарынан екі адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Апат Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында Пепел-Қазақстан теміржол өткелегінің 1405-ші шақырымында болды. Шойын жолдың үстіне шығып кеткен "Газель" автокөлігінің жүргізушісі қала маңында қатынайтын Шыңғырлау-Орал бағытындағы отарбамен соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Апатқа байланысты аталмыш бағыттағы отарбалар қозғалысы 2 сағатқа тоқтап қалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін