Батыс Қазақстан облысында автокөліктің мұз астына түсіп кетуі салдарынан бір адам мерт болды
Батыс Қазақстан облысындағы Шаған өзенінде "УАЗ" автокөлігі мұздың астына түсіп кетуі салдарынан жүргізуші мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Автокөлік Зеленовский ауданы Макарово ауылының маңында жақсы қатпаған мұздың үстіне шығып кеткен. Автокөлікті көтермей мұздың опырылып кетуі салдарынан көлік жүргізушісімен бірге судың түбіне кетті. 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Қайтыс болған жүргізушінің мәйітін судан құтқару қызметінің адамдары судан шығарып алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін