Батыс Қазақстан облысында банк есепшотынан ірі көлемде қаржы жымқыруға байланысты сот тыңдауы өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында банк есепшотынан ірі көлемде қаржы жымқыруға байланысты сот тыңдауы өткізілуде

Батыс Қазақстан облысында банк есепшотынан ірі көлемде қаржы жымқыруға байланысты сот тыңдауы өткізілуде

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық сотында жеке тұлғалардың банктегі есепшотынан ірі көлемде қаржы жымқыруға байланысты сот тыңдауы өткізілуде. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ІББ-нан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 29 Қазан 2003
  • 369
Фото - Caravan.kz

Тергеу мекемелерінің мәліметіне сәйкес, «Қарашығанақ Петролеум оперейтинг» компаниясы қызметкерлерінің айлық жалақысы аударылып келген банктегі есепшоттар тоналған. Банк қызметкері бастаған бір топ адам басқаның қаржысына заңсыз қол сұғып келсе керек. Жалақы алғандығы жөніндегі ведомость құжатына жасанды қол қою арқылы ақша жымқыру жоспарын әлгі банк қызметкері жасаған.

Соңғы жаңалықтар