Батыс Қазақстан облысында бас санитарлық дәрігер қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында бас санитарлық дәрігер қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысында бас санитарлық дәрігер қызметінен босатылды

Батыс Қазақстан облысында өзінің қызметтік міндетіне салғырт қарап, жұмыста кемшілікке жол бергендіктен құрт ауруына қарсы "Ивушка" сауықтыру орталығында балалардың жаппай улануына апарып соғуына байланысты облыстық бас санитарлық дәрігер Алексей Бирюков қызметінен босатылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 547
Фото - Caravan.kz

«Облыстағы санэпидбақылау қызметін нығайту мақсатымен » облыстың бас санитарлық дәрігері қызметіне бұған дейін Республикалық СЭС-тің бас дәрігерінің орынбасары лауазымында отырған Серікбай Иманқұлов тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-23-шілде аралығында облыстық құрт ауруына қарсы «Ивушка» балалар диспансерінде емдеуде болған 103 бала сапасыз тағам тұтынудан болып белең алған ауыр ішек инфекциясымен Оралдағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын. Тамақтан улану салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болды.
Сонымен бірге, СЭС қызметкерлері жүргізген рейд нәтижесінде Оралда самса сатушы 13 бірдей сауда орындары СЭС талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Тексеру құжаттары аудандық ішкі істер бөліміне жөнелтілді. Соған қарамастан, сауда орындарының қожайындары жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін алға тартқан экономикалық сот талапқа сай келмейтін самса сату және оны жасауға тыйым салу жөніндегі СЭС мәлімдемесін кері қайтарған. СЭС мәліметіне жүгінсек, самса сатушылар болса, әлдебір беймәлім қожайынға бәрін сілтеп, құжаттарды жария етуден бас тартуда.
Осындай ахуалға байланысты қалалық СЭС самса сату нүктелеріне жасалған тексеру қорытындысы бар құжаттарды қалалық прокуратураға жолдады.

Соңғы жаңалықтар