Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шыңғырлау ауданы, Лубенка ауылында 28-мамырда аудан әкімінің шешімімен үй малдарының белгісіз этиологиялы аурумен ауыруына байланысты уақытша шектеу енгізілді. Ауырған 52 бас мал анықталып, біреуі өлді. Ауру ошағында аусылға қарсы вакцина егу, малдар орналасқан жерді дезифекциялау, тәулік бойы жұмыс істейтін 2 дезинфекциялық бекет ашу жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарын жинап, «аурудың таралуына жол бермеу және жеке бастың тазалығына қатысты тәртіптер туралы» кеңес берілді.
3-маусым күнгі 15 сағат 00 минуттағы жағдаймен 64 қорадан ауырған 138 бас мал анықталып, оқшауланды. 1-маусымда 1 ұсақ мал өлді.
Қазір ауру ошағында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде, 109 қораға өңдеу жасалды. 3544 басты ірі қара мен 3827 бас ұсақ малға вакцина егілді. Аусылға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін 7 бригада жұмыс істеуде, оған 7 мал дәрігері мен 21 жұмысшы қамтылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті