Жарияланды: 890

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 11 мәрте тіркелді

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 11 мәрте тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Республикалық тазалық-індет станциясынан хабарлады.

Эпидемиолог мамандардың мәліметіне сүйенсек, аталмыш ауру облыстың екі ауданында ғана, атап айтсақ, Зеленовский және Бөрілі аудандарында ғана тіркелген. Соның ішінде екі адам Зеленовский ауданында ауруға шалдықса, қалған тоғыз адам Бөрілі ауданының ауылдарында тұрады. Науқастардың жағдайын дәрігерлер "орташа" деп бағалауда. Облыстық обаға қарсы күрес станциясынан хабарлағанындай, бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгек ошағы Орал өзенін бойлай орналасқан 19 елді мекенде тіркелген. Ауруды тышқан тұқымдас кеміргіштер таратады. Қазіргі жағдаймен обаға қарсы күрес станциясының мамандары ауру ошақтарында дератизациялық жұмыстар жүргізуде. Республикалық тазалық-індет станциясынан хабарлағанындай, бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгек дерті кенеден жұғатын қырым қанды безгегінен мүлдем өзгеше. Бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке қарсы қолданатын патентті вакцина жоқ болғандықтан науқастарды емдеу қиынға түсуде. Аталмыш дерт батыс Қазақстан облысымен шекаралас Ресей облыстарында таралып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін