Жарияланды: 500

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Приуральный ауылының 40 жастағы тұрғыны "соқыр ішектің ауыр түрі" деген диагнозбен облыстық ауруханаға түскен. Дәйекті тексеру нәтижесінде бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгек деген диагноз қойылды. Қазір науқас реанимациялық бөлімде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Жұқпалы дерт ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін