Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қоса гемморагиялық безгекке шалдыққан тағы бір адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қоса гемморагиялық безгекке шалдыққан тағы бір адам тіркелді

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қоса гемморагиялық безгекке шалдыққан тағы бір адам тіркелді

Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының тағы бір тұрғыны бүйрек синдромымен қосарланған гемморагиялық безгекке шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 443
Фото - Caravan.kz

Науқастың ахуалы орташа ауыр деп бағалануда. Қазір клиникалық зерттеулер мен жұқпалы аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолданылуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 14-қарашасы мен 2004-жылдың 6-қаңтары аралығында облыстың екі ауданында ғана, атап айтсақ, Зеленовский және Бөрілі аудандарында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 26 мәрте тіркелді.
Облыста қанды безгекке шалдығуға байланысты күрделі ахуал қалыптасқандықтан облыстық әкімшілік өткен аптада Бөрілі, Теректі, Зеленовский және Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендерде жаппай дератизациялық шаралар өткізуге арнап 1,5 млн. теңге бөлді. Тазалық-індет станциясы мамандарының атап көрсетуінше, қазіргі ахуалда көп нәрсе жұқпалы аурудың табиғи ошағында тұратын адамдардың өзіне ғана байланысты. Дәрігерлер тұрғындарды жеке бас тазалығын сақтап, жұқпалы ауруларды таратушы кеміргіштермен күреске жұмылуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар