Батыс Қазақстан облысында экономика саласына құйылатын инвестиция көлемі екі есе қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында экономика саласына құйылатын инвестиция көлемі екі есе қысқарды

Батыс Қазақстан облысында экономика саласына құйылатын инвестиция көлемі екі есе қысқарды

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері экономика саласына 19,5 млрд. теңгенің инвестициясы салынды. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда екі есе аз. Тұтастай алғанда, облыста негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің қысқару ағымы байқалып отыр, соның салдарынан бюджет түсімдері де азайған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Әбдірахманов Оралда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 26 Мамыр 2004
  • 673
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 13,5 млрд. теңге жиналды, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 23,7 процент кем. Бұл қаржының 8,2 млрд. теңгесі республикалық бюджетке, 5,3 млрд. теңгесі жергілікті бюджетке аударылды.

М.Әбдірахмановтың айтуынша, бюджет түсімдерінің азаюы Қарашығанақ жобасының екінші кезеңінің аяқталуына байланысты. Өйткені, инвестициялардың 85 проценті Қарашығанақ кенішін жайластыру мақсатына жұмсалған шетелдік инвестициялардың үлесіне тиеді.
Бір айта кетерлігі, керісінше ішкі инвестиция көлемінің арту ағымы байқалып отыр. Республикалық бюджет қаржысы есебінен игерілген инвестиция көлемі 23,5 есе артық болса, шаруашылық субьектілер мен тұрғындар есебінен игерілген инвестиция 2,1 есе артты. Алайда, шетелдік инвестициялар көлемімен салыстырғанда бұл мардымсыз, дейді әкімнің орынбасары.

Перейти к новостям спорта