Компания мәліметтеріне сәйкес, дәлдік тұрғысынан монополисті шығынға ұшыратып отырған индукциялық аспаптар жаңасына ауыстырылуы тиіс. Қазір электр есептегіш аспаптардың дәлдігін анықтау мақсатымен облыс тұрғындарының электр есептегіш құралдарын тексеру жұмысы жүргізілуде. Облыстық электр таратушы компаниясы бақылаушыларының өлшемдерінің дәлдігін «Қазэнергоналадка» тәуелсіз энергетикалық фирмасының мамандары қосымша тексеруден өткізбекші. Бір фазалы электр есептегіш аспаптардың дәлдігі озық үлгілі аспаптың көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда ескі аспаптар жаңасына алмастырылады деп күтілуде.
Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облысында ауыстырылуы тиіс 170 мың индукциялық есептегіш құрал тіркеліп отыр.