Батыс Қазақстан облысында екі авиабомба табылып жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында екі авиабомба табылып жойылды

Батыс Қазақстан облысында екі авиабомба табылып жойылды

АСТАНА. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының қызылоба ауылы маңында саперлер екі авиабомба тауып жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Мамыр 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-ның саперлері оқ-дәріні кеше кешке жару арқылы жойды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, авиабомбаларды Жаңғала ауданы Қызылоба ауылынан 20-25 шақырым жерде дүйсенбі күні «Әбуов есімді азамат» тауып алған. Саперлер келгенге дейін оқиға орнын ішкі істер бөлімінің қызметкерлері күзетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті