ІІБ-ның ақпаратына сәйкес, қылмыс Чапово ауылында болған. Таңертеңгі сағат 8-де 63 жастағы зейнеткер әйел мен оның жұбайының қанға боялған мәйіті өз үйлерінен табылды. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер тобы қылмысқа күдікті 1984-жылы туған жігітті тұтқындады. Осы өңірде тұратын күдіктінің қолынан кісі өлтіру құралы болып табылатын балта, пышақ және қан жұққан киімдер тәркіленді.
Аталмыш оқиға бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.