65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында жанжал туындап, ер адам баласын басы мен мойнынан пышақтаған. Алған жарақатынан ұлы сол жерде көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.