Батыс Қазақстан облысында гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді

Батыс Қазақстан облысында гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 438
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, Успеновка ауылының 28 жастағы тұрғыны дәлелденген диагнозбен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Жұқпалы дерт ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Облыста соңғы бірнеше аптада қырым гемморрагиялық безгегіне шалдығу оқиғасы осымен бесінші мәрте айқындалып отыр. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18-қарашада дәрігерлер Кирсаново ауылының екі тұрғынына, ал 21-қарашада және 3-желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының тағы да екі тұрғынына бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгек диагнозын қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар