Агенттік ақпаратына сәйкес, ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған 8 адам анықталып, клиникалық зерттеулер жүргізіліп, жұқпалы аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолданылуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында «бүйрек синдромымен қабаттасқан геморрагиялық безгекке» шалдыққан 18 жастағы қыз ауруханаға түсті. Жалпы, облыста бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 11 мәрте тіркелді. Эпидемиолог мамандардың мәліметіне сүйенсек, аталмыш ауру облыстың екі ауданында ғана, атап айтсақ, Зеленовский және Бөрілі аудандарында ғана тіркелген. Соның ішінде екі адам Зеленовский ауданында ауруға шалдықса, қалған тоғыз адам Бөрілі ауданының ауылдарында тұрады.