Батыс Қазақстан облысында геморрагиялық безгекке шалдықты деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында геморрагиялық безгекке шалдықты деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында геморрагиялық безгекке шалдықты деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға түсті

Батыс Қазақстан облысында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына "бүйрек синдромымен қабаттасқан геморрагиялық безгекке" шалдықты деген күдікпен тағы да үш адам ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 443
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған 8 адам анықталып, клиникалық зерттеулер жүргізіліп, жұқпалы аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолданылуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында «бүйрек синдромымен қабаттасқан геморрагиялық безгекке» шалдыққан 18 жастағы қыз ауруханаға түсті. Жалпы, облыста бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 11 мәрте тіркелді. Эпидемиолог мамандардың мәліметіне сүйенсек, аталмыш ауру облыстың екі ауданында ғана, атап айтсақ, Зеленовский және Бөрілі аудандарында ғана тіркелген. Соның ішінде екі адам Зеленовский ауданында ауруға шалдықса, қалған тоғыз адам Бөрілі ауданының ауылдарында тұрады.

Соңғы жаңалықтар