Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 2005-жылға арналған облыстық бюджеттен 76 млн. теңге бөлінеді. Оның 43 млн. теңгесі зардап шеккендерге өтемақы ретінде беріледі.
К.Көбейсіновтің айтуынша, бастапқы кезеңде тумысынан мүгедек балаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2005-жылдан бастап полигон әсерінен зардап шеккен осындай азаматтар категориясы атаулы әлеуметтік көмек ретінде ай сайын 2 мың теңге алатын болады. Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облысының Капустин Яр полигонына таяу оңтүстік аумақтарында тумысынан мүгедектікке шалдыққан 1800 бала тұрады.
К.Көбейсіновтің хабарлауынша, 2005-2007-жылдарға есептелген бағдарламаның бірінші кезеңінде көмек тек тумысынан мүгедектікке ұшырағандарға көрсетіледі. Ал полигондағы сынақтардан зардап шеккен басқа тұрғындар бағдарламаның екінші кезеңі — 2008-жылы жәрдемақы ала бастайды.