Батыс Қазақстан облысында кеңінен таралған пайдалы қазбалардың 144 кеніші табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында кеңінен таралған пайдалы қазбалардың 144 кеніші табылды

Батыс Қазақстан облысында кеңінен таралған пайдалы қазбалардың 144 кеніші табылды

Батыс Қазақстан облысында барлау жұмыстарының нәтижесінде кеңінен таралған пайдалы қазбалардың 144 кеніші табылды. Бұл кеніштердің барлығы да соңғы бірнеше жылда ашылған. Бұл туралы облыстық әкімшіліктен хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2003
  • 1047
Фото - Caravan.kz

Әкімшіліктің мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысында цементтің, қиыршық қоспалардың, әктің, карбонат және қыш шикізатының көздері бар. Қазіргі жағдаймен облыстық жылу-энергетикалық кешені департаменті коммерциялық мақсатта пайдалы қазбалар өндіру, барлау және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байқау өткізуде. Құрылыс шикізаты шығатын кеніштерді игеру нәтижесінде Ресейден құрылыс материалдарын импорттау ауқымы біршама азаяды деп күтілуде.

Қазір батыс Қазақстан облысында түрлі пайдалы қазбалардың 28 кен орны пайдаланылуда.

Соңғы жаңалықтар