Жарияланды: 400

Батыс Қазақстан облысында контрабандалық 8 тонна қара металл ұсталды

Батыс Қазақстан облысында шекара қызметінің қызметкерлері 8 тонна қара металл контрабандасын ұстады. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облыстық шекара отрядынан хабарлады. Шекарашылардың мәліметіне сүйенсек, Қазақстан-Ресей шекарасында еліміз аумағына контрабандалық жолмен қара металлды жасырын енгізбек болған екі Ресей азаматы ұсталды. Олар жүкті "Газель" автокөлігімен алып өтпек болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін