«Бактериологиялық зерттеу нәтижесінде үш науқастың диагнозы дәлелденді»,- делінген ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Таловка ауылының 5 тұрғыны «күйдіргі» деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Ауылда сондай-ақ бес ірі қара малдың өлу оқиғасы тіркелді.
Төтенше оқиға орнына обаға қарсы күрес станциясы мен мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының өкілдері жіберілді. Қазіргі жағдаймен өлген малдар өртеліп, Таловка, Аққашар және Комсомольское елді мекенінде дезинфекциялық тосқауылдар қойылды. Мал дәрігерлік қызмет мал жайылымдарына дезинфекциялық өңдеу жасап, ауру ошағының айналасына белгілер қойылды.