Қасақана кісі өлтіру шарасын ұйымдастырған әйелмен бірге тағы екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмысты тікелей жүзеге асырған әйелдің інісі 16 жылға, ал қылмыс туралы біле тұра жасырған куәгер 9 айға бас бостандығынан айрылды.
Сот барысында анықталғанындай, оқиға ерлі-зайыпты жұптың арасындағы кикілжің салдарынан орын алған. Әйелдің ұйымдастыруымен қылмысты жүзеге асырған оның інісі туған жездесін 10 жерінен пышақтап өлтірген.