Батыс Қазақстан облысында күйеуін өлтірткен әйелді 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында  күйеуін өлтірткен  әйелді 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Батыс Қазақстан облысында күйеуін өлтірткен әйелді 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Батыс Қазақстан облыстық соты күйеуін өлтіру шарасын ұйымдастырған әйелді 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық прокуратурадан хабарлады.

  • 19 Наурыз 2004
  • 333
Фото - Caravan.kz

Қасақана кісі өлтіру шарасын ұйымдастырған әйелмен бірге тағы екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмысты тікелей жүзеге асырған әйелдің інісі 16 жылға, ал қылмыс туралы біле тұра жасырған куәгер 9 айға бас бостандығынан айрылды.

Сот барысында анықталғанындай, оқиға ерлі-зайыпты жұптың арасындағы кикілжің салдарынан орын алған. Әйелдің ұйымдастыруымен қылмысты жүзеге асырған оның інісі туған жездесін 10 жерінен пышақтап өлтірген.

Соңғы жаңалықтар