Жарияланды: 1500

Батыс Қазақстан облысында Мұхит Мералиев атындағы қоғамдық қор құрылды

Батыс Қазақстан облысында Мұхит Мералиев атындағы қоғамдық қор құрылды. Жаңа ұйымның тұсаукесері кеше, 21-қаңтарда Оралда өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қордың басты мақсаты XIX-ғасырдағы танымал қазақ сазгері, әнші, ақын әрі күйші М.Мералиевтен қалған мәдени-тарихи ән мұрасын сақтап дамыту болмақ. Қор сондай-ақ, М.Мералиевтің шығармашылығын танып зерттеуге ықпалдастық жасап, қолдау көрсетеді. Сазгер ақынның мұрасына арналған түрлі мәдени шаралар өткізу де жоспарда бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін