Жарияланды: 470

Батыс Қазақстан облысында Орталық Азия-Орталық магистральды газ құбырының бір бөлігінде жарылыс болды

Батыс Қазақстан облысында, Жаңаталап ауылынан 2 шақырым жерде Орталық Азия-Орталық магистральды газ құбырының бір бөлігінде жарылыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, 1020 мм-лік газ құбырының үзілген жерінде көгілдір отын тұтанды. Апат болған кезде құбырдағы қысым 39,6 атмосфераны құраған, ал құбырдың жұмыс қысымы 55 атмосфераға тең. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бұл бөлігін Атырау облысындағы "Семсер" фирмасы қорғайды. Апаттан жарты сағаттан кейін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылы мен Атырау облысының Індер ауылында газ құбырының тиегі жабылды. Сондай-ақ, тағы 30 минуттан кейін Жаңақала ауылынан 56 шақырымдағы тиек те жабылды. Көгілдір отынның жануы бір сағаттан кейін тоқтатылып, "Семсер" фирмасының 12 адамы, 1 техникасы мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы апат салдарын жоюға кірісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін