Апат Шыңғырлау станциясындағы «Успешный » бекетінде қорғалмайтын жол өткелегінде болған. Астана-Киев бағытында қатынайтын жолаушы тасымалдаушы отарба МТЗ-80 тракторымен соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан 43 жастағы трактор жүргізушісі мерт болды. Апаттан ақау алған тепловоз жөндеуден кейін қайтадан жолға шықты.