Апат Шыңғырлау станциясындағы "Успешный " бекетінде қорғалмайтын жол өткелегінде болған. Астана-Киев бағытында қатынайтын жолаушы тасымалдаушы отарба МТЗ-80 тракторымен соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан 43 жастағы трактор жүргізушісі мерт болды. Апаттан ақау алған тепловоз жөндеуден кейін қайтадан жолға шықты.
Батыс Қазақстан облысында отарбаның трактормен соқтығысуы салдарынан бір адам қазаға ұшырады
