Батыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін кеден қызметкері тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін кеден қызметкері тұтқындалды

Батыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін кеден қызметкері тұтқындалды

Батыс Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері облыстық кедендік бақылау департаментінің инспекторын пара алғаны үшін ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық прокуратурадан хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

Кеден қызметкері Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы тиісті құжаттарды рәсімдемей жүк өткізіп бергені үшін 8 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оперативті қызметкерлердің айтуынша, белгілі мөлшерде пара беру арқылы кедендік шекарадан кедергісіз өту оқиғалары жүйелі сипатқа көшті. Алайда, қылмыскерлерді ұстауға ұдайы мүмкіндік туа бермейді.

Перейти к новостям спорта