Тазалық-індет қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі жағдаймен Бөрілі, Зеленовский, Теректі және Шыңғырлау аудандарында 29 елді мекенде жаппай дератизациялық шаралар өткізілді. Сондай-ақ, Оралдағы 8400 көп пәтерлі үйлердің жертөлелері мен бірінші қабаттарында дератизациялық шаралар жүзеге асырылды.
26 науқас ауруханадан шығып, тіркеуге алынды. Қазіргі жағдаймен 1 науқас тұрақты емдеуде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалауда.