Жарияланды: 430

Батыс Қазақстан облысында қанды безгекке қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қосылған қанды безгекке қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Тиісті санитарлық-профилактикалық шаралар мен тексерулерді жүзеге асырған Батыс Қазақстан облыстық тазалық-індет мамандары осындай қорытынды жасап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық тазалық-індет қызметінен хабарлады.

Тазалық-індет қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі жағдаймен Бөрілі, Зеленовский, Теректі және Шыңғырлау аудандарында 29 елді мекенде жаппай дератизациялық шаралар өткізілді. Сондай-ақ, Оралдағы 8400 көп пәтерлі үйлердің жертөлелері мен бірінші қабаттарында дератизациялық шаралар жүзеге асырылды. 26 науқас ауруханадан шығып, тіркеуге алынды. Қазіргі жағдаймен 1 науқас тұрақты емдеуде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін