Жарияланды: 450

Батыс Қазақстан облысында қанды безгекке шалдыққан 15 адам емделіп жатыр

7-қаңтар күнгі таңертеңгі жағдаймен Батыс Қазақстан облысында қанды безгекке шалдыққан 15 адам стационарлық жағдайда емделіп жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 14-қарашасы мен 2004-жылдың 6-қаңтары аралығында облыстың екі ауданында ғана, атап айтсақ, Зеленовский және Бөрілі аудандарында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы 26 мәрте тіркелді. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің ақпаратына сәйкес, ауруханаға жатқызылған адамдар ауыр және орташа ауыр жағдайда болды. Бүгінге дейін 11 адам ауруханадан шықты. Қазіргі жағдаймен обаға қарсы күрес станциясы мен тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары індет ошақтарында аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолдануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін