Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жөніндегі Газ жобасының техника-экономикалық негіздемесін жасаушылар 7-алаңды қалап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жөніндегі Газ жобасының техника-экономикалық негіздемесін  жасаушылар 7-алаңды қалап отыр

Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жөніндегі Газ жобасының техника-экономикалық негіздемесін жасаушылар 7-алаңды қалап отыр

Газ жобасының техника-экономикалық негіздемесін жасаушылардың пайымдауынша, Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кенішінде газ өңдеу зауытын салуға №7 алаң ең қолайлы жер болып табылады. Бұл туралы АҚШ- тың "Келлог Браун энд Рут" компаниясынан хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 874
Фото - Caravan.kz

№7 алаң Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында, Ақсайдан солтүстік-шығысқа қарай 23 шақырымда орналасқан.

Жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасаушылардың пікіріне жүгінсек, №7 алаң өндірісті Қарашығанақ кенішінің санитарлық-қорғаныс аймағынан тысқары, КПК өңдеу кешенінен алты шақырымда, әкімшілік қонақүй кешенінен үш шақырымда орналастыруға мүмкіндік береді. Осы жерден 9 шақырымдық радиус бойында елді мекендер де, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көздері де жоқ. Сарапшылардың пікірінше, бұл факторлардың барлығы да газ өңдеу зауытын салуға қолайлы әрі қауіпсіз болмақ.
Тұтастай алғанда, жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасаушылар газ өңдеу зауытының құрылысын салуға қолайлы үш алаңды анықтап отыр. Алғашқысы — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Алғабас бекетінде. Бұл алаңға таяу жерде Қарамай, Шөптікөл, Бесағаш, Қараоба ауылдары орналақан. Санитарлық-қорғаныс аймағының аумағы 5 шақырым деп қабылданған жағдайда бұл ауылдар аймаққа қамтылып кетеді. Ал екінші алаң Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 27 шақырымда орналасқан. Өндірістік алқап Қарашығанақ кенішінен 1,5 шақырымда санитарлық-қорғаныс аймағының аумағында орналасады. Бұл жерден шығысқа қарай 7 шақырымда Березовка өзені ағып жатыр. Ал үшінші алаң- №7 алаң болмақ.

Соңғы жаңалықтар