Батыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған шаралар жоспары жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған шаралар жоспары жасалды

Батыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған шаралар жоспары жасалды

Батыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды беталды кесіп құртудан қорғауға бағытталған шаралар жоспары жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне орман және хайуанаттар дүйесін қорғау жөніндегі облыстық басқармадан хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 818
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, қабылданған жоспарға сәйкес барлық елді мекендерде шұғыл да ұтқыр топтар мен тәулік бойы жұмыс істейтін тұрақты күзет бекеттері құрылуда. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің күшімен көлік құралдарын бақылау және тексеру жүзеге асырылады. ҚР әкімшілік кодексіне сәйкес, ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені және оларды бүлдіргені үшін 10-100 есепті көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұтастай алғанда білім беру мекемелері үшін орман және хайуанаттар дүйесін қорғау жөніндегі Январцевский және Бөрілі мемлекеттік мекемелерінен 1000 шыршаны кесуге рұқсат берілді.

Соңғы жаңалықтар