Батыс Қазақстан облысында Ресей азаматы өлім жазасына кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында Ресей азаматы өлім жазасына кесілді

Батыс Қазақстан облысында Ресей азаматы өлім жазасына кесілді

Батыс Қазақстан облыстық соты Ресей азаматы Владимир Жәрдемовты өлім жазасына кесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық соттан хабарлады.

  • 11 Қараша 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе қаласында тұратын Грузия азаматын асқан қаталдықпен өлтіргені үшін В.Жәрдемовқа өлім жазасы жүктелді. Кісі өлтіру оқиғасы 2001-жылдың қыркүйек айында болған. Тергеу анықтай алмаған беймәлім «ақпарат көзінің» көмегімен В.Жәрдемов Г.Зурикашвили есімді бір адам Орал арматура зауытының кассасынан 927 525 теңге алады деген мәліметті біліп алған. Сөйтіп, жеке жолаушы тасымалдаушы С.Омаевтың көлігін пайдаланған әлгі, көлік иесіне өз жоспары туралы ашып айтпай,

Г.Зурикашвилидің ізіне түсе бастаған. Орал теміржол бекетінде орайы түскен сәтті қалт жібермей пайдаланған В.Жәрдемов Г.Зурикашвилиді өз машинасына отыруға мәжбүр етіп, соңынан қала сыртқына алып шығып өлтіріп тастаған.
Облыстық прокурордың көмекшісі Гинаят Салықовтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, «В.Жәрдемов тергеу изоляторында отырған кезде өзінің кісі өлтіргендігі туралы біреуге байқаусызда айтып қойған». 2002-жылы В.Жәрдемов заңсыз валюта айырбасымен айналысып жүрген екі адамды өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Сот В.Жәрдемовты аса қауіпті қылмыскер деп танып, оның күнәсін аз да болса жеңілдете алатындай себеп-сылтау таппағандықтан өлім жазасына лайық деп үкім шығарды.