Батыс Қазақстан облысында Ресейден контрабандалық жолмен дәрі-дәрмек әкелу оқиғасына тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында Ресейден контрабандалық жолмен дәрі-дәрмек әкелу оқиғасына тосқауыл қойылды

Батыс Қазақстан облысында Ресейден контрабандалық жолмен дәрі-дәрмек әкелу оқиғасына тосқауыл қойылды

Батыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 11 млн. теңгенің контрабандалық дәрі-дәрмектерін ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

  • 27 Ақпан 2004
  • 389
Фото - Caravan.kz

Тауар халықаралық жүк тасымалы ұйымының айыру белгісі бар жүк көлігіне тиеліп Ресейден жеткізілген көрінеді. Алайда, соңынан белгілі болғанындай, жүктің де, автокөліктің де аталмыш халықаралық ұйымға қатысы болмай шықты.

Тасымалданушы дәрі-дәрмектің иесі әзірге анықталған жоқ. Автокөлік жүргізушісі тергеу барысында жүктің иесін білмейтіндігін жеткізген. Батыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінен хабарлағанындай, контрабандалық жүктің иесі табылмаған жағдайда ол мемлекеттік кіріс пайдасына тәркіленуі мүмкін.
Контрабандалық әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі тергеу құқығы қаржы полициясы департаментінің құзырына берілді.

Соңғы жаңалықтар