Батыс Қазақстан облысында сібір жарасына күдікті екі жағдай тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында сібір жарасына күдікті екі жағдай тіркелді

Батыс Қазақстан облысында сібір жарасына күдікті екі жағдай тіркелді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Таловка елді мекенінде сібір жарасына күдікті екі жағдай тіркелгенін хабарлады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 688
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы минтстрліктің баспасөз баянында айтылған.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні ол адамдар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда.

Эпидемиологиялық тексеру кезінде ол адамдардың 20 шілдеде сиырды союға қатысқаны анықталды. 110 кг ет алынып, өртелді.

Батыс Қазақстан облысының СЭҚКД мамандары мал дәрігерлерімен бірлесіп, ошақта эпидемияға және эпизоотияға қарсы жұмыстар атқаруда.

Сібір жарасы — аса қатерлі инфекциялар тобына жататын өткір инфекциялық ауру түрі. Бұл дерт адамға әдетте, ауру малдан немесе тері, жүн сияқты заттардан жұғады.

Соңғы жаңалықтар