Батыс Қазақстан облысында спирт өндірудің жаңа технологиясы ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында спирт өндірудің жаңа технологиясы ұсынылды

Батыс Қазақстан облысында спирт өндірудің жаңа технологиясы ұсынылды

Батыс Қазақстан облысында "Батыс" АҚ-ың сенімді басқаруға алған "БМ" компаниясы спирт өндірудің жаңа технологиясын ұсынды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Станислав Качалоның журналистерге хабарлауынша, "бұл болашақ спирт зауыты өнімінің тұтыным рыногындағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді".

  • 6 Шiлде 2004
  • 649
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «БМ» компаниясы тұрмыстық химия саласында қолданылатын техникалық спирт өндірмекші. Технологияның басты жаңалығы сол, спирт өндіруде пайдаланылатын бидайдың желімтігі бөліп алынады. «Желімтік, немесе, клейковина — батыс рыногында төтенше сұранысқа ие қымбат өнім. Сол себепті біз ұсынысты қызғылықты деп таныдық»,- деді С.Качало.

Әкім орынбасарының пікірінше, қазіргі жағдаймен тек Батыс Қазақстан облысында ғана емес, жалпы республика көлемінде спирт рыногының аясы тарыла түсті. Сондықтан, С.Качалоның пайымдауынша, спирт зауытының өнімдерін сататын тың жолдар іздестіру қажет.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оралда спирт зауытының құрылысы 1998-жылы қолға алынып, соңынан қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылған болатын. Биылғы көктемде салынып жатқан спирт зауыты үкіметтің шешімімен «БМ» компаниясының сенімді басқаруына берілді. Компания зауытты 2004-жылдың аяғына дейін салып бітіруге міндеттеме жүктеген.

Перейти к новостям спорта