Мамандардың болжамына сәйкес, биыл облыстың көптеген аудандарында қардың көп түсуіне және оның шұғыл ери бастауына байланысты тасқын қаупі арта түсті. Тасқынға қарсы шараларға арналған селекторлық кеңесте барлық аудан әкімдері төтенше жағдайлар кезінде және тұрғындарды шұғыл хабардар ету ісінде жедел қимылдау схемаларын ойластыруы тиіс екені айтылды.
Тасқынға қарсы шараларды өткізу жөніндегі штабтан хабарлағанындай, бүгінгі жағдаймен өзендердегі сеңді бұзу үшін жару жұмыстарын жүргізетін 4 бригада әзірленді.