Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 7 мыңдай отбасы, соның ішінде 1147 отбасы мемлекет есебінен пәтерге қол жеткізеді. Оралда 22 үй, 7 ауданда 89 коттедж бен Ақсайда 56 пәтерлі бір үй салынады деп межеленген. 12 үй ипотекалық несиеге беру үшін салынса, 3 үй коммуналдық иелікте болмақ.
Әкімшіліктің мәліметіне сәйкес, таңдалған барлық құрылыс алаңдары мен үй жобалары стандарттар мен талаптарға сай келеді.