Батыс Қазақстан облысында тұтынушылардың біраз бөлігі жарықсыз қалды
Батыс Қазақстан облысында электр желілеріне мұз қатып, салдарынан бірқатар тұрғындар жарықсыз қалды. |
«Шұғыл деректерге сүйенсек, 2012 жылы 28-желтоқсан мен биылғы жылдың 4-қаңтары аралығында Батыс Қазақстан облысында электр желілеріне мұз қатқан. Мұздың қалыңдығы 180-200 мм жетіп отыр, бұл шектеулі механикалық салмақтан бірнеше есе артық.
Салдарынан жоғарывольтты электр желілері мен бағандар үзіліп, Орал қаласын мен Тасқала, Зеленов, Теректі, Ақжайық, Сырым және Бөрлі аудандары тұрғындарының едәуір бөлігі жарықсыз қалды», - деп жұма күні Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті хабарлады.
Комитет деректеріне сүйенсек, «Батыс-Қазақстан РЭК» АҚ-ның 39 шұғыл-көшпелі көмек бригадасы тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету шараларын қолға алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін